"Үржар аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ШҚО денсаулық сақтау басқармасы" ММ
0
Бас дәрігердің блогына хош келдіңіз!

 

 

8 771 773 23 23

Б.Абылқасымов «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жоғарғы санатты бас дәрігер, жоғарғы санатты терапевт дәрігер, экономика магистрі.

Ұлыбритания мемлекетінде білім жетілдірген.

 

     Әрдайым өзінің  білімін, квалификациясын және кәсіби  біліктілігін арттырып отырады:

 

-Терапия мамандығы бойынша «Терапияның өзекті сұрақтары» циклі;

-Педиатрия бойынша «Балалар ауруларын кешенді басқару» циклі;

-«Жаңа туылған нәрестелер мен жүкті әйелдердің, ересектер мен балалардың жүрек-өкпе реанимациясы» циклі;

-«Медициналық ұйымдағы адам ресурстарын басқару. Кадрларды басқару»;

-«Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау»;

- Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы негізінде «Денсаулық сақтау саясаты» циклі;

-«Қоғамдық денсаулық сақтаудың шұғыл қызметтері» циклі;

- «Клиникалық және басқару практикасындағы дәлелді медицина технологиялары» циклі;

- «Денсаулық саласындағы өзекті мәселелер, қаржылық менеджмент» циклі;

- «Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы басқаруды жетілдіру» циклі;

- «Клиникалық және басқару практикасындағы дәлелді медицина технологиялары» циклі;

- «Ішкі  ағза  ауруларының қазіргі заманға сай емі мен диагностикасы»;

- «Ұлыбритания корольдік ауруханасында денсаулық сақтау бөлімінде клиникалық бақылау және үйретуді жақсы аяқтағаны жөнінде» сертификаты;

- Ұлыбритания Глобалдық конференциясында өткен Денсаулық сақтау басқармасының сертификаты;

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Менеджент», «Экономика және бизнес магистрі» бойынша білім алған.

 

Б.Абылкасимов медицинаның дамуына қосқан жеке үлесі және жоғары кәсіптілігі үшін «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер» орденімен: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Үржар ауданына 90 жыл», Тәуелсіз мемлекеттер достығы энцеклопедиясының батыры «Лучшие люди» медалдарымен; Қазақстан Республикасымен Ұлттық Медицина Ассоциясының «Алтын  дәрігер». Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»; «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Семей қаласы Мемлекеттік Медицина Университетінің «Ерекше еңбегі үшін», ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.    

Еңбек жолында Баубек Шайзадаұлы өзін еңбек сүйгіш, әдепті,  сауатты, жауапты және білімді маман ретінде көрсетті. Өзіне және қызметкерлеріне талап қоя біледі. Ұйымдастырушылық қасиеті басым, қызметтік және психологиялық жайлылық орната алады. Б.Ш.Абылкасимов алдына қойылған тапсырмаларды уақытында аяқтауды әріптестерімен бірге орындау арқылы ұжымда құрметке ие. Үнемі өз білімін, санаттық және кәсіби деңгейін артырып тұрады, диагностика мәселелерін игерген. Осы еңбек жолында терапевт дәрігер және ұйымдастырушы мамандығын меңгерді. Ол жауапкершілігі жоғары, еңбекқор, білімді, білікті, беделді, өзіне тапсырылған істерді жоғары жауапкершілікпен атқаратын, өз  ісін жетік білетін тәжірбиелі маман. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, қиын жағдайда  дұрыс шешім қабылдай алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.

Баубек Шайзадаұлы басқаруымен аудандық аурухана көптеген жетістіктерге жетті.

Б.Абылкасимов Үржар ауданына келмей тұрып, мекеменің 180 млн.теңге қарызы болған, қызметкерлердің зейнетақы қорларына 3 ай көлемінде ақшалары түспеген және 2 ай еңбек ақылары берілмеген болатын.  Б.Абылкасимов келгелі бері 180 млн. теңге қарыз жабылып, қызметкерлердің ай сайынғы  еңбек ақылары, зейнетақы қорларының ақшалары уақытында беріліп отыр. Атаулы мерекелерде  барлық қызметкерлерге сыйақы берілуде.

2018-2020 жылдары  аралығында елді мекендердегі тозығы жеткен медициналық мекемелерге толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, Жаңа Тілек, №3 дәрігерлік амбулотория, 60 жыл  күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген жұқпалы аурулар бөлімі заманауи талапқа сай жөндеуден өтіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Науалы дәрігерлік амбулаториялары, Малақ, Текебұлақ, Айтбай, Қызылту фельдшерлік акушерлік пункттері, қабылдау бөлімі, Үржар аудандық ауруханасының емхана бөлімінің 2-ші және 3-ші қабаты заман талабына сай жөнделініп, жиhаздармен  толықтай қамтамасыз етілді.

Маман тапшылығын жою бағытында 11 дәрігер қайта даярлау курсынан өтіп, 6 дәрігер шет мемлекеттерде білімін  жетілдірді. Бүгінгі таңда бұл мамандар халыққа қолжетімді, сапалы қызмет атқаруда.

«Цифрлы  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында  224 дана компьютерлік жиынтықпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар Үржар аудандық ауруханасына қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Ғаламтор  желісімен қамтамасыз етілген, жеке сайт, колл- центр жұмыс жасайды. Емделушілер үшін «ОТАУ-ТВ» орнатылған.

Короновирус індетіне қарсы провизорлық стационарларға   12 дана-өкпені жасанды желдету аппаратымен және 15 дана  төсек жанындағы монитормен, 2 дана дефибриллятор,  7 дана инфузоматпен, 73 дана  оттегі концентраторымен, 30 дана Боброва аппараты, 48 дана пульсоксиметр, 2 дана нәрестенің өкпесін жасанды тыныс алдыру аппараты,  «Optima CT 540» компьютерлік тамографымен   қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда  ПТР (ПЦР) зертханасы орнатылуда. Аурухананың инфроструктурасы, атап айтқанда    аурухана айналасына толықтай асфальт төсендірілді. Минутына 250 литр оттегімен қамтамасыз ететін оттегі стациясы орнатылып,іске қосылды.

Үржар аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне модуль әкелінді.

Лаборатория бөлімі мен стоматология кабинеттері халыққа сапалы қызмет көрсету үшін, толық қанды заманауи құрал жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді.

Шолпан, Қарақол, Сағат, Алтыншоқы, Теке бұлақ, Сегізбай, Қарабуйрат ауылды мекендердің тұрғындарына аудан орталығынан жер шалғайлығына байланысты Таскескен дәрігерлік амбулаториясына жаңадан 2 рентген аппараты орналастырылды.

 

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.