"Үржар аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ШҚО денсаулық сақтау басқармасы" ММ
0
Аурухана тарихы

Үржар аудандық ауруханасының тарихы

 

1940-1950  жылдар аралығында  осы өңірдегі 75 адамдық аурухан қызметін атқарып бастады. 1949 жылы алғаш рет аурухана жанынан хирургия бөлімшесі бой көтерді. 1969 жылы перзентхана, гинекологиялық және балаларды қабылдау бөлімдері іске қосылды. 1976 жылы мекеме 315 адамнан тұратын ауруханаға айналды, медициналық қызметкерлердің құрамы да өзгерді . атап айтқанда, 8 жоғары медициналық білімі бар дәрігерлердің 56-сы болды, орта білімі бар медицина қызметкерлерінің саны 117-ден 320-ға дейін өсті.

Аурухананың негізгі қызметі-халыққа денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетеді және жұмыс кезінде соңғы үлгідегі жабдықтарды пайдаланады, мамандардың білімін жетілдіреді , басқалармен тәжірибе алмасып, аурухананың беделін көтереді, Денсаулық сақтау саласын қоршаған ортаға алға жылжытады және елдің медицинасына үлес қосады.

Бүгінгі таңда "Үржар аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ КМК құрамында 830 қызметкер бар. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 12 адам жұмысқа қабылданды. Мекеме соңғы жабдықтармен жабдықталған. Жақын арада Компютерлік томография,ПЦР лаборотория, Табиғи кислород стансасы, жаңа автокөлік соңғы үлгімен жабдықталған жедел-жәрдем автокөліктері, т.басқа да өзгерістер енгізілуде.

                          Мекеме бас дәрігерлері болған уақыттар:

1942-1967 жж.  Эленек Вильгерм Готлипович

1967-1968 жж. Марченко Иван Михайлович

1969-1978 жж. Ибраев Советказы Сапашұлы

1978-1984 жж Рахметов Оразхан  Кабдолданұлы

1984-2006 жж.  Сандыбаев Нурланбек Болекбайұлы

2006-2012 жж. Мадрахимов Бейсенгазы Аблайұлы

2012-2013 жж. Нургалиева Айгуль  Мергалиевна

2013-2018 жж. Тлеуберлин Жексенбай Бауенович

2018 жылдың наурыз айынан бастап мекеменің бас дәрігері болып Абылкасимов Баубек Шайзаданұлы қызметін атқаруда.